ҚҰРМЕТТІ ЖАРМАЛЫҚТАР, ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

2012 жылдың 20 қараша күні сағат 12.00-де аудандық Мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы мерекесі күніне арналған салтанатты жиын өтетіндігін хабарлай отырып,қатысуға шақырамыз!

Құрметті Жармалықтар!

Баршаңызды әлем мұсылмандарының ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күнді барша мұсылман бауырларымыз асыға күтеді! Себебі, бұл Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарыны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер қасиетті Қағбаға жүзін қаратып, Арафат жазығында күні бойы құлщылық жасап, Жаратушы Имемізден ізгі тілек тілейді. Әр үйде жайылған кең дастархан басында сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл айтулы мейрам ауданымыздың мұсылман жұртшылығына ырыс пен береке әкелсін!
Адамзат баласын имандылыққа үндейтін, бірлік пен берекеге, ынтымаққа шақыратын ізгілікті дініміз еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың ұйтқысы бола берсін.

АРДАҚТЫ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

Мұғалімдер күні- бүкілхалықтық дәстүрлі мереке.Ұстаздар қауымы қоғамда қашан да ерекше орын алады. Сол себепті де білім мен мәдениеттің жаршысы болған оларға өсер ұрпақтың тәрбиесі, демек, елдің болашағы сеніп тапсырылып келеді.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев білім саласын қазақстандық қоғам дамуының басым бағыттарының бірі ретінде  белгіледі. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде  білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.

Озық технологияларды меңгеріп, авторлық сыныптарды ашу үшін ұстаздарға гранттар беріледі.Қазіргі таңда елімізде жас мамандарға арналған « Дипломмен-ауылға!»бағдарламасы кең қанат жаюда.

Осы күні біз балғындардың білімі мен тәрбиесіне жауапты жандардың барлығына құрмет көрсетеміз. Уақытпен санаспай бар ынта- жігерімен балалардың бойына ізгілік нәрін егетің олардың қабілеттерін ұштап, білгендерін үйрететін жандарға бас иеміз.

Бүгінгі мереке күні біздің жүрекжарды құттықтауларымызды қабыл алыңыздар. Сіздердің қиын да қызықты қызметтеріңізге табыс, зор денсаулық және бақыт тілейміз!

ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, СОҒЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді шын жүректен даналық  пен ізгілік мерекесі – Қарттар кунімен құттықтаймыз!Бүгінгі күн – сіздерге,  әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс  және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, егде тартқан тұрғындарына – ауданымыздың  дамуына орасан зор үлес қосқаң ұзақ жыл үздіксіз еңбек еткен жандарға, бай тәжірибелеріңіз бен адал ниеттеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз үшін ерекше ілтипатпен алғыс білдіретін күн!Баршаларыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР! ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР!

Міне, біз асыға күткен жаңа оқу жылы да келіп жетті. Бұл күнді біз дәстүрлі Білім мерекесі ретінде атап өтеміз.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында білім беру ісін жетілдіруге ерекше көңіл бөлген болатын.

Онда: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор: оқыту үдерісіне қазіргі заманға әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттыру, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру, мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту».

ЖАРМА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Біздің еліміз үшін ең елеулі мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай жолдаған шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Ата Заңымыздың қабылданғанына он жеті жыл толуын тойлай отырып, біз Негізгі заң дербестігімізді нығайтып, заң күнінің нығаюына және қоғамның демократиялану процестерінің тереңдей түсуіне алғы шарт жасауына мүмкіндік берді.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында былай атап өтілген: «Біз 21 ғасырдағы жаһандық сын қатерлерге еуразиялық интеграцияны тереңдетумен жауап берудеміз. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндеттерді орындап, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамымызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз».

Құрметті жармалықтар!

Елбасы өзінің таяуда жарық көрген «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ой-жоспарлардың әрі қарай іске асу жолдарына, оның ішінде еліміздің әлеуметтік дамуының басым бағыттарына жан-жақты тоқталды.

Құрметті Жармалықтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің ортақ шаңырағымызда ту тіккен бейбітшілік пен келісім үлгісі – еліміздің басты қазынасы. Көңілі жомарт, пейілі кең жұртымыз көптеген ұлт пен ұлысты ұйыстыра білді. Егемендігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміздің табанды болуы – Қазақстан халқының ажырамас достығының айқын көрінісі.

Құрметті жармалықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Жыл басы Наурыз келешегімізді айшықтайтын – ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Биылғы жыл елімізде белгіленген әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды жүзеге асыруда табысты болып, мемлекетіміздің халықаралық беделін арттыра түсетін кезеңге айналды деп сенеміз.

Аяулы да ардақты арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің һәм мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйтқысы – өздеріңіз. Қоғамның тыныштығы, бала бақыты тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған дархан жүректі нәзік жандарға тікелей байланысты.