Құрметті Жармалықтар және аудан қонақтары!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әскери қызмет қай кезеңде де әрбір азаматтың қасиетті де абыройлы борышы, ержүректік пен жанқиярлықтың мектебі болып табылады.
Президентіміз бен ел басшылығы республиканың қорғаныс қабілеттілігін арттыруға үлкен көңіл бөлуде, өйткені Қазақстанның қорғаныстық әлеуетін нығайту және ұлттық мүдделерімізді сенімді қорғау – мемлекеттің тұрақты дамуының, азаматтардың бақуатты тіршілігінің негізі саналады.
Бүгінгі таңда қазақстандық жауынгерлер Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, оны қорғауға әр кез дайын тұру сияқты жоғары қасиет-сапаларымен танылып, аталар мен әкелердің даңқты ерлік жолын лайықты жалғастырып келеді.
Ауданның барлық тұрғындарын осы жарқын мерекемен құттықтап, шынайы көңілден мығым денсаулық, барлық бастамаларыңызға табыс, егемен Қазақстанның өркендеуі жолында еңбектеріңізге тың жетістіктер тілеймін!

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның алтын ғасырының тағы бір жылы тарих қойнауына сіңіп барады. Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста бір қаламгер күнделігіне: «Баба жыл кетіп, балаң жыл келді», – деп жазыпты. Шынында, тарих үшін бір тұтам, жиырма жылдан астам уақыттың ішінде қос ғасырдың үлесіне татырлық табысқа қол жетті. Соның ішінде биылғы жылдың да орны ерекше.
Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қа¬лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Стратегиясы» іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл – біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі», – деп атап көрсетті.
Астана біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Қазақстан – күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетке айналды, Кеңестер Одағынан кейінгі кезеңдегі тұтас кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – «ЭКСПО-2017» өзінде өткізетін тұңғыш ел.
Халықтың тұрмыс деңгейі мемлекетіміздің саясаты үшін әрқашан басты өлшем болып келді, әрі солай болып қала береді. Асылын ардақтай білетін халқымыз тәуелсіздіктің қадірін бір сәт те түсірген жоқ.
Жыл құсындай келетін Жаңа жылдан адамзат жақсы үміт күтеді. Төрімізге енгелі тұрған 2013 жыл бүкіл қазақстандықтармен бірге қасиетті Жайық елі үшін де ерекше жыл болмақ. Өйткені ұлы бастамалардың жаңа биігіне шығар алғашқы баспалдақ іспетті.
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көңілдеріңіз аппақ қардай кіршіксіз таза болсын, асқақ арман-мұраттарыңыз орындалсын! Ең бастысы, Отанымыз гүлденіп көркейе берсін, әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Құрметті Жармалықтар және аудан қонақтары!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемелекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Осы жылдар ішінде Қазақстан жаңа мемелкеттің қалыптасуын көрді, бір мезгілде тиімді экономикалық реформалар жүргізді. Бұл мереке мемлекеттің тәуелсіздігі және еркіндігінің нышаны болып саналады. Шағын тарихи кезеңде Қазақстан халқы демократиялы, құқықты және экономикасы тәуелсіз мемлекет құра алды.
Елбасының арқасында еліміз экономикалық және әлеуметтік дамудың өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалық өсімге қол жеткізді.
Индустриалды-инновациялы бағдарламалар шегінде елімізде жаңа өнеркәсіптер ашылып, ауыл шаруашылығы дамуда.
Бұл салтанатты күнде, сіздерге және сіздің отбасыңызға шын жүректен мықты денсаулық, татулық пен бірлік, жетістіктер мен амандық тілеймін. Гүлдене бер Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Қадірлі оқушылар мен студенттер!

Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды! Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше.
Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын!
Мыңдаған оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені – Білім! Жаһандану процесі барысында Біз Білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек! Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз.
Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды сала мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша назарында екенін бәрі біледі. ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА ҚАРАЙ 20 ҚАДАМ атты мақаласында Елбасы білім жүйесін әлемдік стандарттарға жетелейтін бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді.
Бұл арқылы Ұлт көшбасшысы білім саласына, ұстаздар мен жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөліп отыратынын көрсетеді.
Қадірлі достар!
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын !

Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!

Он сегіз жыл бұрын – 1995 жылдың 30-тамызы күні, тәуелсіз Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.
Оның жоғарғы құндылықтары адамның құқығы мен бостандығы болып табылады. Негізгі Заң заң шығарушыны заңды қабылдар кезде адам құқығын басты бағдар етіп ұстануды міндеттеді. Белгілі философ Фридрих Гегель: «Конституция – іс жүзіндегі еркіндіктің ақылға сыйымды анықтамалары шеңберінде дамуындағы шынайы әділеттілігі» деп жазды.
Егеменді Қазақстанның қалыптасу жылдарында – Елбасы нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығы арқасында, Негізгі Заңның шешуші ережелері негізінде, ел үшін маңызы зор жаңғыртулар жүзеге асырылды: нарықтық экономика, құқықтық мемлекет құрылды және демократиялық қоғамның негіздері қаланды.
Конституцияның рухы мен үніне сай әрекеттердің арқасындаҚазақстан қоғамдық-саяси құрылым мен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларындағы елеулі нәтижелерге, сондай-ақ, халықаралық аренадағы жоғары беделге қол жеткізді.
Конституция барлық қазақстандықтарға тең мүмкіндікті ұсынды. Біздің азаматтарымыз Негізгі Заңның сенімді қорғауында, ешкім де нәсілдік, ұлттық, жыныстық, діни тұрғыдан қандай да бір кемсітушілікке душар болмайды. Бұл мемлекетіміздегі өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде тіршілік етіп жатқандығынан айқын көрінеді.
Конституцияны жаңғырту қазіргі күні де жалғасуда. Оған құқық саласындағы үздік мамандар, қоғам қайраткерлері, беделді саясаткерлер, сонымен қатар, Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмайтын барлық адам жұмылдырылған.
Осынау айтулы күні барлығыңызды шын жүрегімнен Негізгі Заңның мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бейбітшілік, отбасының амандығы мен Отанымыздың одан әрі гүлденуі мен дамуы жолындағы үлкен табыстар тілеймін!

Құрметті Жарма ауданының тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталсын!
Наурыз құтты болсын!

Аяулы да ардақты арулар!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Әр уақытта Сіздер жауапкершілік жүгін арқалай жүріп, шынайы махаббат, мейірімділік қасиеттерін жоғалтпай, жүректеріңіздің жылуымен жақсылық, бақыт сыйлай білесіздер.
Көктемнің осы жаймашуақ күні қажырлы еңбектеріңіз, өмірді әрлендіруге деген ынталарыңыз, махаббаттарыңыз бен нәзіктіктеріңіз үшін өздеріңізге арналған үлкен алғыс, құрмет сезімін қабыл алыңыздар!

ҚҰРМЕТТІ ЖАРМАЛЫҚТАР!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда «Өткен жылға өпке жоқ, келерден үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кез келген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Келер 2013 жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемелекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ берекеге, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!

ҚҰРМЕТТІ ЖАРМАЛЫҚТАР!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне риясыз, ыстық ықыласқа толы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Жиырма бір жыл бұрын, Қазақстан туын жоғары көтеріп, Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемен ел атандық. Аз уақыт ішінде әлем картасынан тұрақты және үдемелі дамып келе жатқан мемлекет пайда болды.
Бүгін Қазақстан Республикасы әлемге ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі , оның мемлекетаралық экономикалық одақтарды құруы мен бейбітшілікті көздейтін зор ынтасы арқылы танымал.
Оның салихалы басшылығымен әлемдік дағдарысқа қарамастан Қазақстанда жоғары экономикалық динамикасы және әлеуметтік тұрақтылық сақталып, халықтың өмір сапасы жақсарды және әлеуеті артты. Таяуда Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу туралы ұсынысының қабылдануы біздің еліміздің беделінің артып келе жатқандығының айқын көрінісі.
Еліміздің дамуына жармалықтар да еселі еңбектерімен өз үлестерін қосып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнім көлемі , негізгі капиталға тартылған инвестиция артып, ауыл шаруашылық өнімін өндіру ісінде өсті, астық мәдениетінде жақсы өнімділікке қол жетті.
Бұл біздің бірлескен жұмысымыздың нақты жемісі.
Осы мерекеде әр отбасында денсаулық, татулық және жақсылық тілеймін . Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі болып, ертеңіміз-жарқын болсын.

ҚҰРМЕТТІ ЖАРМАЛЫҚТАР, ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде белгілі және елеулі жетістіктерімен сенімді түрде мақтана алады. Біздің ортақ жетістіктеріміздің барлығы бүкіл халқы сенім білдірген, төңірегіне жиналған елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытынсыз жүзеге асуы мүмкін емес еді. Халықтың қорғаны болып, жұртының қамын күйттеген Нұрсұлтан Әбішұлына тарихымыздың ең маңызды тұстарында халқы тағдырын сеніп тапсырды. Қазір Елбасымызды қазақстандық идея, қазақстандық жол, қазақстандық жетістіктің формуласы деп атап жүр.
Президент болған алғашқы жылдары ол қазақстандықтарға шындықты бірден айтты. «Сіздер керемет өмір сүріп отырсыздар деп мен айта алмаймын. Және бұл тез арада жақсы жаққа қарай өзгереді деп айта да, уәде де бере алмаймын. Егер мұны мен сіздерге айтпасам, менікі әділдік болмас еді. Мұның бәріне шыдамдылық танытып, біз ертеңімізге сенімділікпен қарап өтуіміз керек».
Бүгін Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығында, біз қазақстандықтар өткенімізге қарап, басымызды тіке көтеріп тұрып, «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын, халқы үшін жасаған игі істері үшін және ол Қазақстан – өркендеген, бай, бүкіл халқы бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті тұпатын бейбіт мемлекет болуы үшін болашақта атқаратыны әлі де көп деген сеніммен, Тұңғыш Президент алдында басымды иемін» – деп айта алады.
Тұңғыш Президент күні – бүкіл қазақстандықтар үшін ауызбірлік күні болсын, қоғамымыздың бірігуіне серпін берсін және экономикалық –әлеуметтік модернизацияны жүзеге асыру барысында берліген міндеттерді жүзеге асыруды жұмылдыратын күн болсын.
Шын жүрегімізбен Сізге мықты денсаулық, бақыт, отбасыңызға қуаныш және біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасы әрі қарай жайнай берсін деп тілейміз.