Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті мереке – бір-бірімізге, өз туғандарымыз бен жақындарымызға бақыт пен амандық тілейтін Жаңа жыл мерекесіне де сәл ғана уақыт қалды.

Жаңа жыл – үміт пен ең ардақты армандардың орындалатын мерекесі. Және де өткенге көз салып, өтер жылдың кей қорытындыларын шығаратын уақыт.

Ол іргелі істер мен жағымды жаңалықтарға толы болды. Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен алға қойылған жаңа межелі міндеттерді жармалықтар барлық елімізбен бірге жүзеге асырды.

Біз осы жылды өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, шағын және орта бизнестегі және экономикалық-әлеуметтік өзге де салалардағы жоғары көрсеткіштермен аяқтағалы отырмыз. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл – әр отбасы өмірінің ұзақ мерзімді дамуына негіз салынғанының дәлелі. Осыған орай жемісті еңбектеріңіз бен аймақ дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңізге зор алғысымызды білдіреміз.

Біз келешекте де әрбір жармалықтардың жұмыста, ғылымда, оқуда, шығармашылықта, қоғамдық өмірде өз мүмкіншілігін жүзеге асыруға барлық жағдай жасаймыз. Өйткені, біздің ауданның өркендеуі – оның барлық тұрғындарының өркендеуі.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер үшін ол құтты және берекелі болып, шаңырақтарыңызға мол қуаныш, сәттілік әкелсін! Жоспарларыңыз орындалып, болашаққа сенімдеріңіз нығайсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!