Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз Шығыс халқы үшін ортақ мереке болып табылады. Бұл кешірім мен қайырымдылық, үміт пен келісім, ізгілік пен өзара түсіністік мерекесі.

Осынау күні біз өткен кезеңге көз жүгіртіп, алдағы істерімізді жоспарлап, егемен еліміздің гүлденуін, жасампаздығын қалыптастырамыз. «Ұлыстың ұлы күні айтылған барлық тілек қабыл болады» – дейді дана халқымыз.

Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың мызғымас тұғыры саналады.

Бүгінде Наурыз мерекесі жаңаша мазмұнмен толыға түсті. Бұл мереке ұлтына және дініне қарамастан Қазақстанда тұрып жатқан барша азаматтарды бір мақсатқа тоғыстырады.

Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт пен береке әкелсін!