Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
2014 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады, ол еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға тұрарлық жыл болып енді.
Қазақстан экономикада еңселі биіктерді еңсеріп, әлемнің бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында маңызды қадамдар жасалды.
Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері сіздердің еселі еңбектеріңізсіз мүмкін болмас еді. Өтіп бара жатқан жыл ішінде жасампаз еңбек, ынтымақ, өзімізге деген және келешекке деген сенім жас әрі жасампаз мемлекетіміздің дамуы мен табысының негізгі жолы екендігіне көз жеткіздік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер»,- деген болатын.
Басымызды біріктіретін жаңажылдық мейрам күндері бізге әрдайым алдағы қиындықтарды еңсеруде, үлкен істерді жүзеге асыруда береке-бірлігімізді арттыра түссін.
Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2014 жыл тарту еткен барлық жақсылық атаулы жарасымды жалғасын тапсын.
Елiмiзде тыныштық пен ынтымақ салтанат құрып, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай!
Жаңа жыл жаңа жетістіктердің және үміттердің жүзеге асқан жылы болсын. 2015 жылдың әр таңы сәттілікке толы болып, Сіздерге зор денсаулық пен бақыт сыйласын!