Сіздерді жалпыхалықтық мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда республика азаматтарының тікелей еріктерін білдіру жолымен қабылданған Конституция қоғамның дәйекті дамуы үшін жағдайлар жасап, біртұтас Қазақстан халқын танытатын барлық ұлттар өкілдерінің тең құқықтарын қамтамасыз етті.
Шын мәнісінде, қазіргі Конституцияның жасаушысы халық болып табылады, бұл оған тек жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік те қуат береді.
Өзінің әрекет еткен кезеңінде Конституция тиімділігін танытып, ТМД аумағында, халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.
Негізі заң азаматтарға негізгі құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беретін демократиялық заңшығармашылықтың іргетасына айналып, мемлекет тәуелсіздігін түпкілікті бекітті. Негізгі міндеттер шешімін тапты: мықты мемлекет құрылып, халықтың әл-ауқаты артып, еліміз халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алды.
Мемлекетіміздің әрі қарай дамуының кепілі көп ұлтты халықтың бірлігі, әрқайсымыздың ортақ іске үлесіміз болып табылады.
Сіздерге шын көңілден мықты денсаулық, отбастарыңызға бақыт-береке, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының әрі қарай гүлденуін тілеймін!