Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысының отты жылдары уақыт өткен сайын алыстағанмен, біз халық ерлігінің ұлылығын және Отан үшін жан аямай арпалысқан батырлардың есімдерін ешқашан ұмытпақ емеспіз. Әкелер мен аталардың майдандағы достығы халық бірлігінің мызғымастығына арқау болды. Ардагерлердің ақыл-парасаты, даналығы мен өмірлік мол тәжірибесі бізге бүгінгі жаңа Қазақстанды құруға, көп ұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға елеулі көмегін тигізуде.
Аға буынның қаһармандық істері асқан қайраттылықтың, мұқалмас табандылық пен жанқиярлықтың өшпес өнегесі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.
Ұлы Жеңістің тағылымы ұрпақ тәрбиесінде патриоттық сезімді қалыптастырудың маңызды құралына айналуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсау – біздің ортақ борышымыз болып табылады.
Баршаңызға бейбітшілік пен келісім, қуаныш пен шаттық, Отан игілігі жолында жасампаз еңбек тілеймін!