Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы. Біздің Президентіміздің стратегиялық таланты, даналығы, сындарлы саясаты, қойылған мақсаттарға жетудегі табандылығы Қазақстанды бірлік, бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің ең жоғары құндылығына айналған елге қалыптастырды.

Президент күнін атап өту сіздермен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе. Шын жүректен сіздерге және туыстарыңызға  мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

Құрметтi ұстаздар!

Сiздердi Мұғалiм күнiмен шын жүректен құттықтаймын.

Өмiр ықылым заманнан берi мұғалiмдер қауымына ең жоғары талаптар қойып отыр.

Сiздердiң бiлiмдерiңiз бен бiлiмдарлықтарыңыз, өз iстерiңiзге берiлгендiктерiңiз, туған жерге сүйiспеншiлiктерiңiз, әр оқушыны тұлға етiп тәрбиелеудегi еңбектерiңiз — бiздiң ауданда бiлiм беру жүйесiнiң алдыңғы қатарда көрiнуiне қосқан үлестерiңiз.

Сiздер мыңдаған шәкiрттерiңiзге терең бiлiм, тәлiмдi тәрбие бердiңiздер, олардың көпшiлiгi Қазақстанның мақтанышына айналған. Бұл iсте Сiздердiң еңбектерiңiз мол.

Сiздерге қайырымдылықтарыңыз бен шыдамдылықтарыңыз, даналықтарыңыз бен iзгiлiктерiңiз, өз кәсiптерiңiзге шынайы берiлгендiктерiңiз үшiн алғыс бiлдiремiн.

Тамаша кәсiптiк мереке күнi баршаңызға денсаулық, бақыт, игiлiк, жұмыстарыңызда жаңа шығармашылық табыс тiлеймiн.

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді басты, маңызды және жалпы халықтық мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Негізгі заң өзіне бай тарихи тәжірибе және алдыңғы ұрпақтың даналығын жинақтап, ұлттық дамудың басымдылығын айқындады.

Ең бастысы – Конституция барлық қазақстандықтарға тең мүмкіндік берді, бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің негізі, жасампаздықтың символы және үлкен істер мен қазіргі жеңістеріміздің бастау көзі болды.

Негізгі Заңды қабылдаған сәттен бастап мемлекеттілікті нығайту, экономиканың өсуі, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен мемлекеттің халықаралық абыройының артуы үшін көп нәрсе істелінді.

Конституцияға салынған әлеует елдің одан әрі тиімді дамуы үшін негіз, қоғамдық-саяси жаңғыру үшін күшті серпіліс болуды жалғастыруда.

Қымбатты жерлестер!

Бәрімізбен қабылданған ел Конституциясы оның негізгі принциптерін міндетті түрде қолдануға, патриот болуға, өз Отанымызды қорғауға, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істеуге, оқуға міндеттейді.

Тек Конституцияны құрметтеу және оның нормаларын сақтау ғана қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілік пен тыныштыққа, демек, Отанымыздың сәттілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын. Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін! Сіздерге денсаулық, бейбітшілік, мейірімділік пен сәттілік тілеймін.

Құрметті жерлестер!

Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті мереке – бір-бірімізге, өз туғандарымыз бен жақындарымызға бақыт пен амандық тілейтін Жаңа жыл мерекесіне де сәл ғана уақыт қалды.

Жаңа жыл – үміт пен ең ардақты армандардың орындалатын мерекесі. Және де өткенге көз салып, өтер жылдың кей қорытындыларын шығаратын уақыт.

Ол іргелі істер мен жағымды жаңалықтарға толы болды. Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен алға қойылған жаңа межелі міндеттерді жармалықтар барлық елімізбен бірге жүзеге асырды.

Біз осы жылды өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, шағын және орта бизнестегі және экономикалық-әлеуметтік өзге де салалардағы жоғары көрсеткіштермен аяқтағалы отырмыз. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл – әр отбасы өмірінің ұзақ мерзімді дамуына негіз салынғанының дәлелі. Осыған орай жемісті еңбектеріңіз бен аймақ дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңізге зор алғысымызды білдіреміз.

Біз келешекте де әрбір жармалықтардың жұмыста, ғылымда, оқуда, шығармашылықта, қоғамдық өмірде өз мүмкіншілігін жүзеге асыруға барлық жағдай жасаймыз. Өйткені, біздің ауданның өркендеуі – оның барлық тұрғындарының өркендеуі.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер үшін ол құтты және берекелі болып, шаңырақтарыңызға мол қуаныш, сәттілік әкелсін! Жоспарларыңыз орындалып, болашаққа сенімдеріңіз нығайсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!

ҚҰРМЕТТІ ЖАРМАЛЫҚТАР!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз Шығыс халқы үшін ортақ мереке болып табылады. Бұл кешірім мен қайырымдылық, үміт пен келісім, ізгілік пен өзара түсіністік мерекесі.

Осынау күні біз өткен кезеңге көз жүгіртіп, алдағы істерімізді жоспарлап, егемен еліміздің гүлденуін, жасампаздығын қалыптастырамыз. «Ұлыстың ұлы күні айтылған барлық тілек қабыл болады» – дейді дана халқымыз.

Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың мызғымас тұғыры саналады.

Бүгінде Наурыз мерекесі жаңаша мазмұнмен толыға түсті. Бұл мереке ұлтына және дініне қарамастан Қазақстанда тұрып жатқан барша азаматтарды бір мақсатқа тоғыстырады.

Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт пен береке әкелсін!

Құрметті жармалықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
2014 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады, ол еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға тұрарлық жыл болып енді.
Қазақстан экономикада еңселі биіктерді еңсеріп, әлемнің бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында маңызды қадамдар жасалды.
Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері сіздердің еселі еңбектеріңізсіз мүмкін болмас еді. Өтіп бара жатқан жыл ішінде жасампаз еңбек, ынтымақ, өзімізге деген және келешекке деген сенім жас әрі жасампаз мемлекетіміздің дамуы мен табысының негізгі жолы екендігіне көз жеткіздік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер»,- деген болатын.
Басымызды біріктіретін жаңажылдық мейрам күндері бізге әрдайым алдағы қиындықтарды еңсеруде, үлкен істерді жүзеге асыруда береке-бірлігімізді арттыра түссін.
Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2014 жыл тарту еткен барлық жақсылық атаулы жарасымды жалғасын тапсын.
Елiмiзде тыныштық пен ынтымақ салтанат құрып, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай!
Жаңа жыл жаңа жетістіктердің және үміттердің жүзеге асқан жылы болсын. 2015 жылдың әр таңы сәттілікке толы болып, Сіздерге зор денсаулық пен бақыт сыйласын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді жалпыхалықтық мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда республика азаматтарының тікелей еріктерін білдіру жолымен қабылданған Конституция қоғамның дәйекті дамуы үшін жағдайлар жасап, біртұтас Қазақстан халқын танытатын барлық ұлттар өкілдерінің тең құқықтарын қамтамасыз етті.
Шын мәнісінде, қазіргі Конституцияның жасаушысы халық болып табылады, бұл оған тек жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік те қуат береді.
Өзінің әрекет еткен кезеңінде Конституция тиімділігін танытып, ТМД аумағында, халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.
Негізі заң азаматтарға негізгі құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беретін демократиялық заңшығармашылықтың іргетасына айналып, мемлекет тәуелсіздігін түпкілікті бекітті. Негізгі міндеттер шешімін тапты: мықты мемлекет құрылып, халықтың әл-ауқаты артып, еліміз халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алды.
Мемлекетіміздің әрі қарай дамуының кепілі көп ұлтты халықтың бірлігі, әрқайсымыздың ортақ іске үлесіміз болып табылады.
Сіздерге шын көңілден мықты денсаулық, отбастарыңызға бақыт-береке, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының әрі қарай гүлденуін тілеймін!

Құрметті қауым! Қадірлі жамағат!

Сіздерді қасиетті Ораза айының дәстүрлі жалғасы ораза айт мерекесімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Тегіміз мұсылман, дініміз ислам, кітабымыз құран» – деп айтқандай, біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол біздің дәстүріміз. Бірақ, бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі күні діни сауаттылықты арттыру, жастарды имандылыққа тәрбиелеу қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Оған барша жұртшылық болып атсалысумыз керек .
Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбастарыңызға тыныштық, жақсылық, қуаныш, тілеймін!
Ораза айт мүбәрәк болсын!

Құрметті жармалықтар!

Сіздерді келе жатқан қасиетті рамазан ай мерекесімен құттықтаймын!
Рамазан айы- мерекесі мұсылмандар үшін маңызды және үлкен қуанышпен аталып өтеді. Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар бір-біріне құттықтап ізгі ниеттерін жолдап, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда тыныштық және бейбітшілік орнаған. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған рухани келісім мен өзара сыйластықта асыл парызымыз.
Барлықтарыңызды қасиетті рамазан айы мерекесімен құттықтай келе отбасыларыңызға дәулет-береке,бірлік, еліміздің гүлдену жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз.

Құрметті Жармалықтар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысының отты жылдары уақыт өткен сайын алыстағанмен, біз халық ерлігінің ұлылығын және Отан үшін жан аямай арпалысқан батырлардың есімдерін ешқашан ұмытпақ емеспіз. Әкелер мен аталардың майдандағы достығы халық бірлігінің мызғымастығына арқау болды. Ардагерлердің ақыл-парасаты, даналығы мен өмірлік мол тәжірибесі бізге бүгінгі жаңа Қазақстанды құруға, көп ұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға елеулі көмегін тигізуде.
Аға буынның қаһармандық істері асқан қайраттылықтың, мұқалмас табандылық пен жанқиярлықтың өшпес өнегесі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.
Ұлы Жеңістің тағылымы ұрпақ тәрбиесінде патриоттық сезімді қалыптастырудың маңызды құралына айналуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсау – біздің ортақ борышымыз болып табылады.
Баршаңызға бейбітшілік пен келісім, қуаныш пен шаттық, Отан игілігі жолында жасампаз еңбек тілеймін!